2019 жылдың қаңтар-мамыр айында Қазақстан қор биржасындағы МБҚ сауда-саттығының көлемі 2,2 есе өсіп, 813,9 млрд теңгені құрады

11.06.19 14:48
/KASE, 11.06.19/ – 2019 жылдың қаңтар-мамыр айында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда- саттығының* көлемі 813,9 млрд теңгені құрады және 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті. 2018 жылдың алдыңғы бес (тамыз-желтоқсан) айымен салыстырғанда көлемі 4,7 % өсті. Төмендегі кестеде 2019 жылы биржалық нарықтың аталған секторындағы сауда-саттық көлемі айларға бөлініп көрсетілген, сондай-ақ 2018 жылдың тиісті кезеңіндегі салыстырмалы мәліметтері берілген. -------------------------------------------------- Жыл Бастапқы нарық Қайталама нарық* Барлығы* ай --------- -------------- ---------------- -------- 2019, I 115,9 23,8 139,6 --------- -------------- ---------------- -------- 2019, II 123,9 35,0 158,9 --------- -------------- ---------------- -------- 2019, III 124,7 40,4 165,1 --------- -------------- ---------------- -------- 2019, IV 123,8 50,0 173,8 --------- -------------- ---------------- -------- 2019, V 144,4 32,1 176,5 Барлығы 632,7 181,3 813,9 2018, I-V 188,9 177,3 366,2 --------- -------------- ---------------- -------- тренд, % +234,9 +2,2 +122,2 -------------------------------------------------- *репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда. [2019-06-11]