JUPITER ENERGY LIMITED (Австралия) AU000000JPR6 (AU_JPRL) жай акциялары 2019 жылдың 10 маусымынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды
10.06.19 10:29
/KASE, 10.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының 2019 жылдың 10 маусымындағы шешімімен JUPITER
ENERGY LIMITED (Австралия) (Батыс Перт, әрі қарай – компания)
AU000000JPR6 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы,
AU_JPRL) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы
хабарлайды.
KASE 2019 жылдың 24 мамырындағы қорытындысы бойынша KASE
банктен келесі құжаттарды алғаны анықталды:
- аталмыш облигацияларды 2019 жылдың 14 мамырынан бастап ерікті
түрде делистингілеу туралы өтініші;
- компанияның орналастырылған акциялар санының бес және одан да
көп пайызын құрайтын жай акцияларына ие компанияның ірі
акционерлері болып табылатын "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ
(109 864 441 жай акциялары немесе 71,63 %) 2019 жылдың 17
сәуіріндегі жағдайы бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы
анықтамасы;
- 2019 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның бағалы
қағаздарын ұстаушылардың тізілімінің көшірмесіне сәйкес аталмыш
облигациялар орналастырылған жоқ;
Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік
ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1)
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.
Аталмыш акциялар 2013 жылдың 12 қыркүйегінен бастап KASE ресми
тізіміне үшінші санат бойынша, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE
ресми тізімінің негізгі алаңының "акциялар" санатына енгізілген. Олардың
сауда-саттықтары 2010 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ашылды.
[2019-06-10]