"Коммеск-Өмiр" сақтандыру компаниясы" АҚ акционерлері компанияның аудиттелген қаржылық есептілігін бекітті және 2018 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлемеуге шешім қабылдады

03.06.19 14:52
/KASE, 03.06.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Коммеск-Өмiр" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 23 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады: - 2018 жылға компанияның аудиттелген қаржылық есептілігін бекітілсін. 2018 жылға аудиторлық есебі назарға алынсын; - Компанияның 2018 жылдың қорытындысы бойынша алынған 1 344 095 000 мың теңге таза табысы бөлінбей, компанияның жеке капиталын арттыруға арналады; - 2018 жылға Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне төленген сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын; - 2019 жылға компанияның жұмысына аудит жүргізетін аудиторлық ұйым "Grant Thornton" ЖШС анықталсын; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әс- ірекетіне шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын. Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_decision_sole_shareholder_230519_3021.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-06-03]