"RG Brands" АҚ KZ2C00005924 (RGBRb8) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

03.06.19 11:16
/KASE, 03.06.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 31 мамырында "RG Brands" АҚ (Алматы) KZ2C00005924 (1 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон 8,00 %, жылдық, 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы ҚР Ұлттық Банкінде 2019 жылдың 21 маусымында жалпы сомасы 12,0 млрд теңгеге тіркелген, "RG Brands" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. "RG Brands" АҚ облигациялардың қаржылық кеңесшісі "RESMI" Инвестициялық Қаржы үйі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше RGBRb8 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-06-03]