ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ Еншілес ұйымы 2018 жылға жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

31.05.19 11:50
/KASE, 31.05.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2019 жылдың 31 мамырындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Өткен жыл ВТБ-ның Қазақстанда жұмыс істеген 9 жыл ішіндегі ең табысты жылы болды. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайына қарағанда Банк активтері өткен кезеңмен салыстырғанда 6%-ға артып, 162 млрд теңгені құрады, Банктің жарғылық капиталы 29,9 млрд теңгеге тең. Жыл ішіндегі таза пайда 118%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы біз үшін өте табысты болды. 2018 жылы Банк ВТБ тобының 2017-2019 жылдарға арналған Даму стратегиясы шеңберінде белгіленген мақсаттарды іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Банктің барлық үш бизнес-желісі: бөлшек, шағын және орта, сондай-ақ ірі - инвестициялық бизнес өткен жылды табысты аяқтады, – деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Есепті кезеңде банктің кредиттік портфелі 26%-ға өсті, ЕДБ рейтингісінде біз капиталға кірістілігі бойынша 5-ші орынға және пайда мөлшері бойынша 18-ші орынға ие болдық. 2018 жылдың қорытындысы бойынша банк міндеттемелері 141,2 млрд теңгені құрады. Кредиттік портфель 91,3 млрд теңгеге дейін өсті, оның ішінде 42% – жеке тұлғаларға кредит беру, 45% - орта корпоративтік бизнесті қаржыландыру және 13% – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру. Өткен жылы банк таза пайда бойынша жоспарды 3 еседен астам асыра орындады. CIR бизнес тиімділігінің көрсеткіші 17,9% құрады. S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) ел банктері арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие: ұзақ мерзімді «ВВ+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде. Рейтингтің өзгеру болжамы – «тұрақты». цитата соңы [2019-05-31]