Бүгін Қазақстан қор биржасында Азиялық даму банкінің XS1937714753 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

22.01.19 09:03
/KASE, 22.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) KZP10Y16D392 (KZ2C00002301, KASE негізгі алаң, "облигациялар" санаты, SKKZb10; 1 000 теңге, 40,5 млрд теңге; 188 ай, жылдық 9,25 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмы облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Қазпошта" АҚ (Астана) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 40 500 000 дана. Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Сатып алушылар үшін жазылым жүргізу шарттарымен облигациялардың максималды санына шектеу қойылмаған. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 28 қыркүйегі күні алматылық уақытпен сағат 11:30-дан бастап 13:00-ге дейін. Жазылым жүргізгенде бағалы қағаздың коды – SKKZb10. Жазылым шегінде тек, KASE сауда-саттық жүйесінде жабық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Есеп айырысуды жүзеге асыру уақыты – 2018 жылдың 28 қыркүйегінде алматылық уақытпен сағат 14:00-ге дейін. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне келесі мәліметте кіреді: 1) Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/bonds/show/SKKZb10/ мекен-жайында жарияланған. [2018-09-28]