"Самұрық-Энерго" Мойнақ ГЭС-інде электр энергиясын жоспардан тыс өндіргені туралы хабарлады

27.05.19 11:14
/KASE, 27.05.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2019 жылдың 27 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Мойнақ СЭС-інде жыл басынан бері электр энергиясын өндіру 350 млн кВтсағаттан асып, жоспардың 113 %-ін құрады. Станция мамандарының дерегінше, СЭС орналасқан Шарын өзеніндегі су деңгейі былтырғыдан төмен, алайда 4 айда ағып келген су көлемі көп жылғы орташа көрсеткіштен 10% көп. Бұл ретте, өзеннің жылдық орташа шығыны елеусіз, шамамен 30 м3/с болуына қарамастан, су торабының құрылғыларын ыңғайлы орналастыру, өзен арнасының табиғи бұрылысын және судың шамамен 500 метр болатын биіктіктен құлауын пайдалану, сондай-ақ тар шатқалдар мен контрреттегіш су қоймасының болуы, Қазақстанның энергия жүйесінің Оңтүстік аймағында тәуліктік жүктеу кестесінің ең жоғары көрсеткіштерін жаба отырып, СЭС-тің 300 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруіне мүмкіндік береді. 2012 жылдан, пайдалануға тапсырылған уақыттан бері, Мойнақ су электрстанциясы 6,5 млрд кВтсағаттан астам электр энергиясын өндірді. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_270519_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-05-27]