31 мамырдан бастап KASE қайталама нарық секторында Еуропа қайта құру және даму банкі XS1982112572 (EBRDK150525) облигацияларының сауда-саттықтары ашылады

24.05.19 09:53
/KASE, 24.05.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 31 мамырынан бастап KASE қайталама нарық секторында Еуропа қайта құру және даму банкі XS1982112572 (KASE ресми тізімі, сектор "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары", EBRDK150525; 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге, 15.05.19 – 15.05.25, қазақстандағы инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары ашылды: Аталмыш акциялардың бағасы KASE сауда-саттық жүйесіндегі номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза емес" бағасының төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен белгіленеді, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталмыш облигациялар бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ мекен-жайында жарияланған. [2019-05-24]