"Самұрық-Энерго" АҚ "Самұрық-Энерго" оқшауланған кәсіподағы" АҚ еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша техникалық инспекторларға семинар-тренинг өткізетіні туралы хабарлады

21.05.19 12:27
/KASE, 21.05.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2019 жылдың 21 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелері, сондай-ақ техникалық инспекторлардың өндіріс орындарында атқаратын функциялары «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2019 жылғы Екібастұз қаласында ұйымдастырған семинар-тренингтің басты тақырыбы болды. Бұл іс-шараның жұмысына «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты компаниялардың – «Богатырь Көмір» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС- ның және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 92 техникалық инспекторы қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – техникалық инспекторлардың (кәсіподақтың уәкілетті өкілі) ҚР Еңбек заңнамасының, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру мен есепке алудың, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің мәселелері бойынша білімдерін арттыру. Қатысушылардың назарына Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының негіздері және еңбектің болашағындағы оның рөлі туралы ақпарат ұсынылды. Баяндамашылар ретінде іс-шараға шақырылған, Қазақстан кәсіподақтары федерациясы Оқу орталығының үздік сарапшылары Н.М. Азтаева мен А.К. Пересунько семинар барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша өздерінің материалдарымен және әдістемелік ұсынымдарымен таныстырды. Өндірісте жұмысшының құқықтары және жұмыс берушінің міндеттері бұзылуының нақты мысалдары қарастырылды. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_210519_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-05-21]