2019 жылдың 13 маусымында "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

13.05.19 18:23
/KASE, 13.05.19/ – Бағалы қағаздар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 13 маусымында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10:00 акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз сұрақ банктің Директорлар кеңесінің құрамы және банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы деңгейін анықтау туралы. Аталмыш жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_130519.pdf [2019-05-13]