/KASE, 16.05.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Астана), биржаға акционерлердің кезектен
тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы 2019 жылдың
03 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады:
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін;
- 2018 жылға компанияның таза табысын бөлу келесі тәртіппен
бекітілсін;
- 14 177 724 203,30 теңге дивиденд төлеуге;
- қалған 4 927 462 733,40 теңге компанияның иелігінде дамуына
жұмсалсын;
- компанияның 2018 жылға дивиденд көлемі бір жай акцияға 54,53
теңге көлемінде бекітілсін;
- акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының
іс-әрекетіне шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын;
- "Эрнст энд Янг" ЖШС компанияға аудит жүргізетін компания ретінде
анықталсын;
- Компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.
Толық ақпарат –
http://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_annual_shareholders_meeting_results_030519_3196.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2019-05-15]