/KASE, 15.05.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Лизинг Групп" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 30
мамырында болып өтетін, акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
күн тәртібі келесі сұрақтармен толықтырылғаны туралы биржаға
хабарлады:
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде 5 жылдан
астам уақытақа пайыздық мөлшерлемесі жылдық 15 % 1 500 000 000
теңге сомаға несиелік қаржыландыруды мақұлдау;
- облигациялық бағдарлама аясында бірінші шығарылым облигацияларын
және оның кейінгі орналастыруды мақұлдау;
- қаржылық кеңесшісі мен андеррайтингі "Tengri Capital MB" акционерлік
қоғамымен келісім шартқа қол қою және бекіту;
- еркін ақша айналымын басқару бойынша қоғам саясаты аясында "Tengri
Capital MB" акционерлік қоғамымен инвестициялық қоржынды басқаруға
келісім-шартты бекітті және қол қойды.
Осы ақпарат –
http://kase.kz/files/emitters/LZGR/lzgr_annual_shareholders_meeting_new_info_300519_386.pdf
мекен-жайында жарияланған.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында –
http://kase.kz/files/emitters/LZGR/lzgr_annual_shareholders_meeting_info_300519_0361.pdf
[2019-04-10]