"Қазақстан Даму банкі" АҚ жеңілдікті автонесиелендіруді 42,0 млрд теңгеге дейін арттырғаны туралы хабарлады

06.05.19 16:17
/KASE, 06.05.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылдан бері агенті болып келе жатқан «Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) мемлекеттік көздер қаражатынан кезекті саны бойынша төртінші траншты бөлді. Республикалық бюджеттен алынған 8 млрд теңгені Банк: «Сбербанк» АҚ еншілес банкіне, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ-ға 2 млрд теңгеден, «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ға және ВТБ банк АҚ еншілес банкіне (Қазақстан) – 1 млрд теңгеден жіберді. Бұдан басқа, автомобильдер мен арнайы мақсаттағы автотехника сатып алатын жеке тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға Банктің еншілес компаниясы «ҚДБ-Лизинг» АҚ 2 млрд теңге бөлді. цитата соңы Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_060519_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-05-06]