"Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

06.05.19 11:23
/KASE, 06.05.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 29 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, сонымен қаьтар, келесі шешімдерді қабылдады: - Компанияның қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін; - 2018 жылға компанияның таза табысынан 70 % жай акциялары бойынша дивиденд төлеу бір жай акцияға 224,85 теңгеден 400 008 150,00 теңге көлемінде 2019 жылдың 02 мамыры күні жүргізілсін. Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы 6 мәселе бойынша шешім қабылданды. Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/SKSL/sksl_annual_shareholders_meeting_results_290419_1368.PDF мекен-жайында танысуға болады. [2019-05-06]