04 мамырдан бастап "АстанаГаз КМГ" АҚ KZ2C00005841 (AKMGb2) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

04.05.19 10:20
/KASE, 04.05.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 30 мамырындағы шешімімен "АстанаГаз КМГ" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00005841 (1 000 теңге, 102,0 млрд теңге; 10 жыл, жылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 04 мамырынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгі (сауда-саттық коды) AKMGb2 берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/bonds/show/AKMGb2/ мекен-жайында жарияланады. [2019-05-04]