"АстанаГаз КМГ" АҚ KZ2C00005841 (AKMGb2) облигациялары KASE балама алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

03.05.19 10:20
/KASE, 03.05.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 03 мамырында "АстанаГаз КМГ" АҚ (Алматы) KZ2C00005841 (1 000 теңге, 102,0 млрд теңге; 10 жыл; жылдық купон 10,00 %; 30/360) облигациялары KASE балама алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2018 жылдың 11 желтоқсанында жалпы сомасы 187,0 млрд теңгеге тіркелген, екінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. "АстанаГаз КМГ" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше AKMGb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-05-03]