25 сәуірден бастап Еуропалық қайта құру және даму банкі XS1982112069 (EBRDK250424) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

24.04.19 17:48
/KASE, 24.04.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап Еуропалық қайта құру және даму банкі XS1982112069 (1 000 теңге, 60,0 млрд теңге, 25.04.19 – 25.04.24, Қазақстандағы инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялардың бастамашысы "Tengri Capital MB" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға EBRDK250424 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2019-04-24]