/ҚАЙТАЛАУ/ 13 мамырда Қазақстан қор биржасында Еуропа қайта құру және даму банкі XS1982112572 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

24.04.19 09:28
/KASE, 24.04.19, 22.04.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 13 мамырында жазылым жүргізу арқылы Еуропа қайта құру және даму банкі XS1982112572 халықаралық облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы ағылшын заңдарына сәйкес орташа сараланған ноттар жахандық бағдарлама аясында (GMTN Programme) жүзеге асырылады.. Эмитентке S&P, Moody’s және Fitch агенттіктері AAA/Aaa/AAA рейтингтерін ұсынған, болжам "тұрақты". Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri Capital MB" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 60 000 000 000 дана. Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі. Купонның жартыжылдық мөлшерлемесі Қазақстандағы тұтынушы бағасы индексінің мәніне сәйкес есептеледі. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен саны теңгемен көрсетілуі тиіс. Минималды лот 1 000 теңгеге тең. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 13 мамыры күні алматы уақытымен сағат 11:00-дан бастап 12:30-ға дейін. (ALT). Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2019 жылдың 13 мамыры. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні – 2019 жылдың 13 мамыры; есеп айырысу күні - 2019 жылдың 15 мамыры. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-04-24]