"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі "KAG Group" ЖШС Өзбекстанға өсімдік майын жеткізу бойынша мәмілені қаржыландырды

23.04.19 17:37
/KASE, 23.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға жолдаған 2019 жылдың 23 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы «KAG Group» ЖШС-ның өзбекстандық серіктесі «ToshkentRegionalTrading» ЖШҚ болып табылады. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өзбекстандық серіктесі – АКБ «КишлокКурилиш банк» шығарған аккредитивті сақтандырды. Аккредитив сомасы 132 мың АҚШ долларынан асады. «KazakhExport» белгілеген мәміле бойынша аккредитивтерді сақтандырудың жалпы лимиті 500 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық тараптан аккредитив шеңберінде мәмілені «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржыландырады. Ұсынылған саудалық қаржыландырудың арқасында өсімдік майын сатып алатын өзбек тарапы алынған тауар үшін 12 ай ішінде есептесе алады, қазақстандық өндіруші өнім жеткізілгеннен кейін бірден 100% мөлшерінде төлем алады. Осылайша, екі тарап үшін мәміленің қолайлы шарттарына қол жеткізілді. Банктік аккредитив – бұл эмитент банк (сатып алушы тарапынан) және растаушы немесе қаржыландырушы банк (жеткізуші тарапынан) сатып алушыға жеткізілетін тауар партиясын жеткізушіге төлеу шарттары көзделген мәміле. Растаушы немесе қаржыландырушы банк әдетте эмитент банкке төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады. Соңғысы сатып алушыға аккредитив бойынша кейінге қалдыру кезеңі шегінде өтеу мерзімін тағайындауға құқылы. Аккредитивті сақтандыру – «KazakhExport» портфеліндегі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың 14 құралының бірі. Оларды халықаралық нарықтарға шығуды жоспарлап отырған шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді өндіру саласында жұмыс істейтін кез келген қазақстандық кәсіпорын пайдалануына болады және бұл ретте өз бизнесін жағымсыз тәуекелдерден қауіпсіздендіруге жағдай жасайды. цитата соңы [2019-04-23]