KASE "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2), KZ2C00002418 (LARIb3) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің маркет-мейкері болмауына байланысты өкілетті тізімінен алып тастады

23.04.19 11:38
/KASE, 23.04.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2019 жылдың 16 сәуірінен бастап, олардың маркет-мейкері болмауына байланысты "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2), KZ2C00002418 (LARIb3) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, негізгі алаңның өкілеттік тізімінен (KASE_BM* серия) алып тастады. Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне (әрі қарай – Әдістеме) сәйкес облигациялардың қандай да бір атауы KASE_BM* сериясының өкілеттік тізімінде болуындағы негізгі өлшемі маркет-мейкердің болуы. 2019 жылдың 23 сәуірінен бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 35 атаудағы облигациядан тұрады. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2019-04-23]