"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Түркістан облысының аграрлық секторын қаржыландыру нәтижелері туралы хабарлады

22.04.19 15:04
/KASE, 22.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің негізгі қаржыландыратын еншілес компаниялары, Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумның негізгі мақсаты осы болып табылады. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды қолдана отырып, өңір аумағында іске асырылатын жобаларды айқындау және оларды мемлекеттік қолдау (инвестициялық субсидиялау және сыйақы ставкаларын субсидиялау), ақпараттық және консультациялық қызметті жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бизнес- жоспарларды уақтылы қарау бойынша үйлестірілген жұмыс туралы уағдаласты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ төрағасы Жандар Омаров және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарушы директоры Алмас Таубаев облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды пайдалана отырып және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жобалар» семинары аясында Түркістан облысына барды. Семинар барысында инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңдарының құрылысы, құс етін өндіру, сүт фермалары, жылыжай, балық шаруашылығы, қарқынды баубақша шаруашылығы, шағын несие беру және т. б. жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_220419_kz.pdf мекен-жайында жарияланған [2019-04-22]