"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі Семей қаласындағы "Абай-Арена" мәдени-спорт кешенінің құрылысына банктік кепілдік ұсынғаны туралы хабарлады

22.04.19 12:05
/KASE, 22.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға жолдаған 2019 жылдың 22 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы Сбербанк «Фирма «Азия» ЖШС-не 5,5 млрд. теңгеден асатын сомаға «Абай-Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысына банктік кепілдік ұсынды. 2017 жылы Семей қаласында «Абай-Арена» аса ірі мәдени-спорт кешенінің құрылысы басталды. Бұл ауқымды жобаның мердігер компаниясы «Фирма «Азия» ЖШС болып табылады, ол бұған дейін аймақта түрлі өнеркәсіптік, әлеуметтік және тұрғын нысандар құрылысына қатысқан. «2015 жылдан бастап біздің компания «Аймақтарды дамыту 2020» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын белсенді іске асыруға кірісті, бағдарлама аясында Семей қаласында 9 қабатты тұрғын үйлер салып, пайдалануға бере бастадық. Бұған қоса, темір-бетон өнімдерін шығару бойынша өз зауытымызды тұрғыздық және Семей авткөлік құрастыру зауыты, балабақшалар мен мектептер сияқты жобаларды жүзеге асырдық. Сондықтан біздің компанияның ірі нысандар құрылысында тәжірибесі мол» - деп баяндады «Фирма «Азия» ЖШС басшысы Сауле Дускужанова. Халықаралық стандарттарға сай соғылатын «Абай-Арена» заманауи айрықша кешенінің ауданы 33 мың шаршы метрден астамды құрайды. Тартымды сырт көрініске ие кешен ғимараты 5 000 көреременге арналған және үш негізгі блоктан тұратын болатын . Бірінші блокка негізгі арена, мини-футболға, гандбол мен волейболға арналған алаңдар кіреді. Екінші блокта 545 көрермен орындары бар төрт су алаңдары салынады деп жоспарланған (синхронды жүзу және суға секіру бассейндері, олимпиядаға арналған және балалар бассейні). Мұнда қонақүй, тамақтану орны мен спортшыларға арналған жаттығу залдары соғылады. Үшінші блокка фитнес-зона, түрлі көлемдегі екі бассейн, балалар ойын-сауық орталығы мен кинозал кіреді. Сондай-ақ, кешенде заманауи жабдықтармен жасақталған қозғалмалы сахна орнатылатын болады, ол түрлі мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. «Біз бұл жобаға қуана қатысып отырмыз, себебі осы жобаның арқасында қала тұрғындары осы жылдың соңында заманауи стандарттарға сай келетін, жаңа «Абай-Арена» мәдени-спорттық кешеніне қол жеткізе алады», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Өскемен қ. филиалы директоры Ольга Федоренко. – «Бұл кешеннің салынуы Семей қ. тұрғындарының мәдени және спорттық өмірлерін жандандыра түседі және сәйкесінше қалада осы бағыттардың қарқынды дамуына үлкен серпін береді». цитата соңы [2019-04-22]