Биржалық симулятор: 01 сәуірден 19 сәуірге дейін сауда-саттық көлемі 2 511,3 млн теңгеге жетті
22.04.19 11:21
/KASE, 15.04.18/ – Бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 01 сәуірінен 30
сәуіріне дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған
"Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде.
Байқаудың бір аптасы аралығында (01 сәуірінен 19 сәуірі аралығында)
сауда-саттық көлемі 157,1 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік
көлемі 157,1 млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2019 жылдың 01 сәуірі мен 19 сәуірі аралығында
жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- -----------------
KZTK 2 261 1270,1
GB_KZMS 1 207 297,4
RU_SBER 968 191,5
US_BAC_ 623 162,7
KEGC 692 128,5
KCEL 953 118,9
KZTO 758 117,4
HSBK 758 105,1
BAST 235 56,5
CCBN 453 34,1
RDGZp 205 30,1
------------ --------- -----------------
Барлығы 9 113 2 511,3
----------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 238 және 247,5 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 30-дан астам оқу
орындарының 1 071 студенті тіркелді.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2019-04-22]