Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Энерго" АҚ өзінің KZ2С00003986 (SNRGb2) облигацияларының 16 872 498 данасын 17,9 млрд теңгеге кері сатып алды

12.04.19 14:45
/KASE, 12.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасында өзінің KZ2С00003986 (KASE ресми тізімі, "облигациялар" санаты, SNRGb2) облигацияларын кері сатып алғаны туралы хабарлады. "Самұрық-Энерго" АҚ аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигацияларды ұстаушылармен толық көлемде 17 942 209 836,02 теңге есептесті, оның ішінде негізгі қарызы – 17 655 846 050,53 теңге, купондық сыйақы – 286 363 785,50 теңге. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_other_accidents_100419_1347.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-04-12]