/KASE, 12.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор
биржасында өзінің KZ2С00003986 (KASE ресми тізімі, "облигациялар"
санаты, SNRGb2) облигацияларын кері сатып алғаны туралы хабарлады.
"Самұрық-Энерго" АҚ аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш
облигацияларды ұстаушылармен толық көлемде 17 942 209 836,02 теңге
есептесті, оның ішінде негізгі қарызы – 17 655 846 050,53 теңге, купондық
сыйақы – 286 363 785,50 теңге.
Аталмыш ақпарат –
http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_other_accidents_100419_1347.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2019-04-12]