"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2018 жылғы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялайды

12.04.19 17:52
/KASE, 16.04.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2019 жылдың 12 сәуірінде төмендегі туралы хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы, 2018 жылғы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялайды. ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев: "2018 жылы Компания өзінің қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты, операциялық жоспарды асыра орындап, Акционер мен ҚР Үкіметі қойған бірқатар стратегиялық міндеттерді орындады. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту сияқты күрделі әрі көп капитал қажетсінетін жобаны аяқтағанымызды атап өткім келеді, осының арқасында біз ішкі нарықты К4, К5 экологиялық кластағы (Еуро-4, Еуро-5 стандарттары) меншікті мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз еттік. Қазақстан газын Қытайға экспорттауды жылына 5 млрд-тан 10 млрд текше метрге дейін арттыру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, бұл газ сатудан түскен түсімді 2 еседен астам арттыруға мүмкіндік берді. Компания қаржылық тұрақтылықты нығайту бойынша да бірқатар шаралар қабылдады. 2018 жылы ҚМГ сыртқы қарызы төмендеді, оның ішінде 1,6 млрд АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияларды өтеу және Сбербанктен алынған 400 млн АҚШ доллары сомасындағы қарызды мерзімінен бұрын өтеу есебінен төмендеді. Бүгінде «ҚазМұнайГаздың» өткен жылғы нәтижелері негізгі акционердің үміттеріне толық сай екенін атап өтуге болады". цитата соңы Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_120419_1.pdf мекен-жайында жарияланды. [2019-04-16]