"Самұрық-Энерго" АҚ Шардара СЭС-інде екінші су агрегаты іске қосылғаны туралы хабарлады

15.04.19 16:48
/KASE, 26.03.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2019 жылдың 15 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде станцияны қайта құру аясында жоспарланған төрт су агрегатының екіншісі пайдалануға тапсырылды. СЭС- те технологиялық жабдықтың сынағы ойдағыдай аяқталып, негізгі құрылыс- монтаж жұмыстары жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, Шардара СЭС-ін түбегейлі жаңғырту бағдарламасы аясында 2020 жылғы наурызға дейін станциядағы төрт су агрегатының бәрін де ауыстыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке өз қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы. цитата соңы [2019-04-15]