"Самұрық-Энерго" АҚ Шардара СЭС-інде екінші су агрегаты іске қосылғаны туралы хабарлады
15.04.19 16:48
/KASE, 26.03.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2019
жылдың 15 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде станцияны қайта құру аясында
жоспарланған төрт су агрегатының екіншісі пайдалануға тапсырылды. СЭС-
те технологиялық жабдықтың сынағы ойдағыдай аяқталып, негізгі құрылыс-
монтаж жұмыстары жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, Шардара СЭС-ін
түбегейлі жаңғырту бағдарламасы аясында 2020 жылғы наурызға дейін
станциядағы төрт су агрегатының бәрін де ауыстыру жоспарлануда.
Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке өз
қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері
– австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы.
цитата соңы
[2019-04-15]