"Қазхром" ТҰК" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
15.04.19 10:51
/KASE, 15.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Қазхром" ТҰК" АҚ (Актобе, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C04180010 жай акцияларының жалпы саны 142 949 700
дана, KZ1P04180116 артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана;
- компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 893 795 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып
алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. болып
табылады, оның меншігінде 109 130 168 (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,35%) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай
акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99%)
және 9 189 460 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты
акцияларының жалпы санынан 92,88%) бар.
[2019-04-15]