Биржалық симулятор: 01 сәуірден 05 сәуірге дейін сауда-саттық көлемі 270,7 млн теңгеге жетті

08.04.19 18:05
/KASE, 08.04.18/ – Бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 01 сәуірінен 30 сәуіріне дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде. Байқаудың бір аптасы аралығында (01 сәуірінен 30 сәуірі аралығында) сауда-саттық көлемі 270,7 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 54,1 млн теңгеден асты. Төмендегі кестеде 2019 жылдың 01 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген: ---------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге коды саны ------------ --------- ----------------- KZTK 195 51,7 GB_KZMS 227 41,7 US_BAC_ 140 31,8 RU_SBER 198 28,6 HSBK 203 26,2 KCEL 135 22,7 KZTO 178 19,2 BAST 79 18,4 KEGC 107 14,5 RDGZp 60 8,9 CCBN 108 7,0 ------------ --------- ----------------- Барлығы 1 630 270,7 ---------------------------------------- Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 45 және 28,5 млн теңге. Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 30-дан астам оқу орындарының 901 студенті тіркелді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. [2019-04-08]