"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
08.04.19 14:20
/KASE, 08.04.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың
01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C00090015 жай акцияларының жалпы саны 19 000 000
дана;
- банктің 16 904 064 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 15 071 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Н.С.Сұлтан болып табылады, оның меншігінде 16
888 265 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,91%) бар.
[2019-04-08]