"ЛОГИКОМ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
08.04.19 11:39
/KASE, 08.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C48640011 жай акцияларының жалпы саны 3 815 240
дана;
- компанияның 2 099 264 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "KS8 HOLDING B.V." АҚ болып табылады.
[2019-04-08]