10 сәуірде Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Энерго" АҚ KZ2С00003986 (SNRGb2) 20,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

05.04.19 16:14
/KASE, 05.04.19/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 10 сәуірінде "Самұрық-Энерго" АҚ KZ2С00003986 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, SNRGb2) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2С00003986 KASE сауда-саттық коды: SNRGb2 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000 000 000 – орналастырылған: 20 000 000 000 Айналыста болудың басталуы: 23.08.17 Өтеудің басталу күні 22.08.22 Айналыста болу мерзімі: 23.08.22 Купонды төлеу мерзімділігі 5 жыл (1 800 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 13,00 % Купонды төлеу күні: 23 ақпанда және 23 тамызда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ ----------------------- Сауда-саттық күні: 10.04.19 Өтеуге дейінгі мерзім: 3,4 жыл (1 213 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 20 000 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем уақыты: 10.04.19, 14:30 Өтінімдерді қагағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша, өтінімдер қарсылама өтінімдердің көлеміне пропорционалды қанағаттандырылады Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық бастамашысы "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" ЕБ АҚ) (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST2 Сауда-саттық жүйесі тобы Bonds_ST2_M ------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны өтінімде лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайында жарияланған. Есепе айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында кестеде көрсетілген төлем уақытында болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен http://kase.kz/ru/bonds/show/SNRGb2 мекен-жайында танысуға болады. [2019-04-05]