2019 жылдың 04 сәуірінен бастап "Кселл" АҚ KZ2C00004208 (KCELb1) облигациялары мемлекеттік емес бағалы қағаздардың қоржынындағы бағалы қағаздардың тізіміне енгізілген

04.04.19 10:08
/KASE, 04.04.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) келесі облигацияларының 2019 жылдың 15 наурызынан бастап "Кселл" АҚ (Алматы) KZ2C00004208 (KASE ресми тізімі "облигациялар" санаты, KCELb1, 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 16.01.18 – 16.01.21; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %, 30/360) облигациялары мемлекеттік емес бағалы қағаздардың қоржынындағы бағалы қағаздардың тізіміне енгізілгенін хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік емес бағалы қағаздардың қоржынындағы бағалы қағаздар KASE-де автоматтық репо нарығындағы репо операцияларының заты ретінде пайдаланыла алады. Автоматты репо нарығының маманданымының мәтіні KASE интернет- сайтында – http://kase.kz/files/normative_base/sp_repo.pdf жарияланған. [2019-04-04]