01 сәуірден бастап "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ KZ2C00005833 (BASPb3) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

01.04.19 17:44
/KASE, 01.04.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 20 наурызындағы шешімімен "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2C00005833 (BASPb3; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 360 күн, жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 01 сәуірінен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4 қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/BASP/ мекен-жайында жарияланады. [2019-04-01]