/KASE, 29.03.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, Маңғыстау аймақтық электр желілері
компаниясы" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 29 сәуірінде сағат 11:00-де өз
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы
биржаға хабарлады. Күн тәртібінде:
1) Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн
тәртібін бекіту;
2) Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы;
3) Сандық құрамын, компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін
анықтау туралы, Директорлар кеңесінің өз міндеттерін орындағаны үшін
сыйақы және өтемақы төлемдерінің көлемі мен шарттарын анықтау.
Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды –
http://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_special_shareholders_meeting_info_290419_89.pdf
[2019-03-29]