/KASE, 29.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2019 жылдың 29 наурызынан бастап Еуразиялық даму
банкінің US29874QDC50 (1,5 млрд АҚШ доллары, 05.05.17 – 05.05.20,
жартыжылдық купон, жылдық 1,625 %; 30/360) халықаралық
облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді.
Аталмыш облигациялардың бастамашысы "NGDEM Finance" АҚ (Алматы)
болып табылады.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор
биржасында қосымша жарияланады.
Осы облигацияларға EBRDU050520 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта
жарияланады.
[2019-03-29]