2019 жылдың 29 сәуірінде "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

28.03.19 13:10
/KASE, 28.03.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 29 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Күн тәртібінде: 1) 2018 жылға банктің жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; 2) Банктің 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, банктің бір жай акциясына көлемі туралы; 3) Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі туралы; 4) Акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне жүгінулері туралы; 5) Директорлар кеңесінің мүшелерінің және банк басқармасының 2018 жылы сыйақы көлемі мен құрамы туралы; 6) Банктің жарғысына өзгертулерді бекіту туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_270319_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-03-28]