"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өзінің XS1682544157 (XS1682544157, KZTGe1) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

27.03.19 17:56
/KASE, 27.03.19/ - "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) 2019 жылдың 20 наурызында өзінің XS1682544157 (XS1682544157, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, KZTGe1) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 16 406 250 АҚШ долларын құрады. [2019-03-27]