"Самұрық-Энерго" АҚ Қазақстандағы жаңартылған энергия көздерін дамыту туралы хабарлады

26.03.19 15:25
/KASE, 26.03.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) Биржаға 2019 жылдың 19 наурызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Ағымдағы жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК-інің) 5 нысаны іске тапсырылды. Бұл туралы Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2019 жылғы қаңтардағы нарығы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ әзірлеген талдамалық есепте айтылады. Бұл жерде сөз Алматы облысындағы Кербұлақ 1 - 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 - 4,5 МВт ЖЭС (жел электр станциялары); Қарағанды облысындағы «Гүлшат» КПМ Дельта – 40 МВт КЭС (күн электр станциясы); Маңғыстау облысындағы Жел энерготехнологиясы – 52,8 МВт ЖЭС (жел электр станциясы); Қарағанды облысындағы «Құрма» агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы туралы болып отыр. Республикадағы жұмыс істеп тұрған ЖЭК нысандарының саны 72-ге жетіп, жиынтық қуаттылығы 634 МВт-ты құрады (СЭС – 200,25 МВт; ЖЭС – 183,25 МВт; КЭС – 249 МВт; биогаз қондырғысы – 1,65 МВт). «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары (шағын СЭС-тер, ЖЭС, КЭС) 2019 жылғы қаңтарда 26 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 27,5% -тін құрайды. Тұтас алғанда, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР электр станциялары 2019 жылғы қаңтарда 9 944,4 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірген. 2019 жылғы қаңтарда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру Түркістан облысында айтарлықтай өскен (өсім 20% және одан астам). Дегенмен, электр энергиясын өндіру Алматы, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында төмендеген (5%-тен астам). Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2018 жылғы нарығы туралы ақпаратты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаменті дайындаған есептен мынадай: https://www.samruk-energy.kz/kz/press/analitikaly-sholu сілтеме бойынша алуға болады. ... [2019-03-26]