2019 жылдың 26 наурызынан бастап Қазақстан қор биржасында ББҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылды
26.03.19 12:36
/KASE, 26.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE
мүшесі берген өтініш негізінде Қазақстан қор биржасында 2019 жылдың
26 наурызынан бастап автоматты репо операциялар нарығында төмендегі
бағалы қағаздарының репо операцияларының жаңа қаржы құралдарымен
сауда-саттық ашылды, репо операцияларының заты ретіндекелесі бағалы
қағаздарды пайдалануға рұқсат етілген:
- "Кселл" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты,
KCEL) жай акциялары;
- "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты,
KEGC) жай акциялары.
Репо операцияларына тиісінше R_KCEL_000 және R_KEGC_000 кодтар
берілді.
[2019-03-26]