KASE Басқармасы Yandex N.V. NL0009805522 (NL_YNDX) жай акцияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты А сыныбы бойынша ресми тізіміне енгіу туралы шешім қабылдады

20.03.19 17:21
/KASE, 20.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 20 наурызындағы шешімімен Yandex N.V. (АҚШ) NL0009805522 жай акциялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енетін күні туралы "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.3 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындалған соң қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Yandex N.V. жарияланған жай акцияларының саны 1 000 000 000 дана. 2019 жылдың 19 ақпанындағы жағдай бойынша айналымда 286 519 000 жай акция бар. Аталмыш акциялар Nasdaq Global Select Market (NASDAQ) қор биржасының ресми тізімінде орналасқан. Жай акциялардың иелері акционерлердің жиналыстарында дауыс беру құқығына иежәне дивиденд алуға құқылы. Аталмыш облигацияларға NL_YNDX белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Yandex N.V. негізгі қызметі – интернет іздеу жүйесінің қызметін ұсыну. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы қосымша ақпарат Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланды. [2019-03-20]