KASE Басқармасы Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (US_XOM_) жай акцияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша ресми тізіміне енгіу туралы шешім қабылдады

20.03.19 17:21
/KASE, 20.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 20 наурызындағы шешімімен Exxon Mobil Corporation (АҚШ) US30231G1022 жай акциялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енетін күні туралы "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.3 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындалған соң қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Exxon Mobil Corporation жарияланған жай акцияларының саны 9 000 000 000 дана. 2019 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша айналымда 4 223 807 000 жай акция бар. Аталмыш акциялар New York Stock Exchange (NYSE, АҚШ) қор биржасының ресми тізімінде орналасқан. Жай акциялардың иелері акционерлердің жиналыстарында дауыс беру құқығына иежәне дивиденд алуға құқылы. Аталмыш облигацияларға US_XOM_ белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Exxon Mobil Corporation негізгі қызметі – мұнай мен табиғи газды өндіру және барлау, мұнай өндірісі, тасымалдау және шикі мұнай, табиғи газ және мұнай өнімдерін сату. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы қосымша ақпарат Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланды. [2019-03-20]