KASE Басқармасы Tiffany & Co. US8865471085 (US_TIF_) жай акцияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша ресми тізіміне енгіу туралы шешім қабылдады

20.03.19 16:58
/KASE, 20.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 20 наурызындағы шешімімен Tiffany & Co. (АҚШ) US8865471085 жай акциялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енетін күні туралы "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.3 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындалған соң қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Tiffany & Co. жарияланған жай акцияларының саны 240 000 000 дана. 2019 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша айналымда 121 897 000 жай акция бар. Аталмыш акциялар New York Stock Exchange (NYSE, АҚШ) қор биржасының ресми тізімінде орналасқан. Жай акциялардың иелері акционерлердің жиналыстарында дауыс беру құқығына иежәне дивиденд алуға құқылы. Аталмыш облигацияларға US_TIF_ белгісі (сауда-саттық коды) берілді. NIKE, Inc негізгі қызметі – спорттық аяқ киімдердің дизайны, әзірлеу және сату, жабдықтаре аксессуарлар мен қызметтер. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы қосымша ақпарат Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланды. [2019-03-20]