"Standard" Сақтандыру компаниясы" АҚ "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензиясын қайта рәсімдегені туралы хабарлады

20.03.19 10:54
/KASE, 20.03.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Standard" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2019 жылдың 15 наурызында берген 2.1.67 номерлі "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясының көшірмесін биржаға ұсынды. Осы ақпарат жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/LNAT/lnat_li%D1%81ense_150319_46013.pdf [2019-03-20]