2019 жылдың 30 сәуірінде "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

15.03.19 12:16
/KASE, 15.03.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), 2019 жылдың 30 сәуірінде сағат 15:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: - компанияның 2018 жылға қаржылық жылдық есептілігін бекіту туралы; - компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібі туралы; - компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - компания акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - компанияның Директорлар кеңесі туралы қағидасына толықтырулар енгізу туралы. Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_annual_shareholders_meeting_info_300419_2280.pdf [2019-03-15]