"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "Қайнар-АКБ" ЖШС отандық аккумулятор батареяларын өндірушінің 1,0 млрд теңгеге жобасын мақұлдады

14.03.19 16:54
/KASE, 14.03.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), 2019 жылдың 18 ақпанындағы баспасөз хабарламасын хабарлайды: цитата басы Сбербанк "Жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд. теңгеден асатын сомаға отандық аккумулятор батареяларының өндірушісі "Кайнар-АКБ" ЖШС (Талдықорған қ.) жобасын мақұлдады. Талдықорғандық қорғасын аккумулятор зауытының тарихы 1970 жылы бастау алған, бес жылдан кейін алғашқы 6СТ-75ЭМ аккумулятор батареясы шығарылды. Аз уақыт ішінде кең сұрыпталымда өнімнің сериялық шығарылымы іске қосылды, осының арқасында Талдықорғандық қорғасын аккумулятор зауыты КСРО аумағында аккумуляторлық батареялар өндірушілерінің бестігіне енді. Бүгінгі таңға дейін кәсіпорын бірнеше кезеңді басынан өткізді: нарықтық экономикаға ауысу, дамудың ең тиімді жолдарын іздеу және де қалыптасу және өркендеу кезеңі. "Кайнар-АКБ" ЖШС 2007 жылдан бастап техникалық жарақтандыруды кезең-кезеңмен жаңғыртуды бастады, нәтижесінде зауыт ТМД елдеріндегі аккумулятор өндірісі саласында ең қарқынды дамушы зауыттардың біріне айналды. "Бүгінгі таңда біздің кәсіпорын - аяғына нық тұрған және ең бастысы "аяқталған" аккумулляторлық батареялар өндірісі бар кәсіпорын. Соңғысы батареяның құрамдастары өндірісі - бөлшектер мен жасақтауыштарының құймасы және дайын бұйымдарын жинауға дейін зауытта жүргізілетінін білдіреді,- деп атап өтті "Кайнар-АКБ" ЖШС басшысы Серикбай Ажмаганбетов. Осының арқасында өткен жылы біз өнім шығарылымының айтарлықтай цифріне қол жеткіздік - жылына 2,5 млн. аккумуляторға дейін. Кәсіпорын жеңіл, жүк көліктеріне, барлық халық шаруашылығы салаларына, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына және Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешеніне арналған ауыл-шаруашылық және әскери техникасына арналған аккумуляторларды шығарады. Бұдан басқа, кәсіпорын өнімдері Талдықорған аккумулятор зауытымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасаған Ресейлік, ТМД елдеріндегі, Польша, Германия, Қытай елдеріндегі серіктестері арасында сұранысқа ие. цитата соңы [2019-03-14]