13 наурызда KASE 2019 жылдың ақпан айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді
12.03.19 10:07
/KASE, 12.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
2019 жылдың 13 наурызда сағат 14:30 - да Бұқаралық ақпарат құралдары
(БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді. Брифингте 2019 жылдың ақпан
айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысы туралы статистикалық
ақпарат ұсынылады.
Іс-шараның спикері – KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Андрей
Цалюк.
Аталмыш іс-шара KASE конференц-залында мына мекен-жайда өтеді:
Алматы қ, Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің
Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE жаңа пресс-румы.
Биржа ай сайынғы медиа-брифингтерді 2017 жылдың мамыр айынан
бастап, Биржалық нарықта және KASE қызметіндегі трендтер туралы
ақпараттарды мақсатты аудиторияға жедел ұсыну мақсатында, сондай-ақ
биржаның ақпарат құралдарымен серіктестік қарым-қатынас орнату
мақсатында өткізеді.
[2019-03-12]