2019 жылдың 11 наурызынан бастап автоматты репо нарығының маманданымына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

11.03.19 12:09
/KASE, 11.03.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 07 наурызындағы шешімімен "Автоматты репо операцияларының маманданымы" (маманданым) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 12 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) 2019 жылдың 11 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулермен Standard & Poor's рейтингілік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "BBB-" төмен емес" деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттің МБҚ себетіне борыштық бағалы қағаздары енгізілуі мүмін немесе өзге рейтингілік агенттіктердің халықаралық шкаласы бойынша сәйкес деңгейдегі рейтингілік бағасы бар және эмитенттің 100 % дауыс беруші акциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жатаындығы анықталды. Маманданымның жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/sp_repo.pdf мекен-жайында жарияланады. [2019-03-11]