07 наурызда KASE гендерлік теңдікке арналған, бағалы қағаздар сауда-саттығының салтанатты ашылу рәсімін өткізді

07.03.19 17:52
/KASE, 07.03.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) 2019 жылдың 07 наурызында Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" Құрылымымен, Дүниежүзілік банкпен және Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесе отырып, "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттықтардың салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бұл іс-шара 2015 жылдың 24 қыркүйегінде қосылған, Бірікке Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) "Тұрақты қор биржалары" бастамасы (UN SSE бастамасы) аясында өткізілді. Қазақстан қор биржасында өткен салтанатты рәсімге Қазақстанның қоғамдық-саяси және қаржы-экономикалық салаларын өз үлесін қосқан, еліміздің белгілі әйелдері қатысты. Бұл іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, гендерлік теңдіктің маңыздылығына, әйелдердің құқықтарын және экномикалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ оларды қоғамда атқаратын рөлін арттыру мәселесіне назар аударады. Осы іс-шараға арналған баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында– http://kase.kz/files/press/ru/07_03_2019_Press_Release_ring_the_bell_ru.pdf жарияланды. [2019-03-07]